Сурет: istockphoto.com
Германияда жыл басынан бері аптап ыстықтың салдарынан шамамен 9 800 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Роберт Кох институтының дерегінше, өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші маусым айының соңында тіркелген. Сол кезеңде елдің көптеген аймағында ауа температурасы 40°C-тан жоғары болған.
Ең көп зардап шеккендер – 75 жастан асқан азаматтар. Мамандардың пікірінше, өлім-жітімнің артуына экстремалды ыстық пен созылмалы аурулардың қатар әсер етуі себеп болған.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Германияда аномальды ыстық қайта күшеймек.
Биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан кәрі құрлықта жаз басталғалы 10 мыңнан астам адам көз жұмған.
Мазмұнға өту
