Сурет: ашық дереккөзден
Франция Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елдің әскери-теңіз күштері атомдық сүңгуір қайықтан M51.3 баллистикалық зымыранын сынақ ретінде ұшырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Зымыранға ядролық оқтұмсық орнатылмаған. Ұшу барысын Францияның Қару-жарақ жөніндегі бас басқармасының (DGA) бақылау құралдары қадағалады. Зымыран Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі жағалаудан бірнеше жүз шақырым қашықтықтағы аймаққа құлады.
Сынақты Франция президенті Эмманюэль Макрон бақылаған.
M51.3 — теңізде орналасқан француз стратегиялық M51 зымыранының үшінші нұсқасы. Ол шамамен бір жыл бұрын қарулануға қабылданған. Зымыранның ұшу қашықтығы 9-10 мың шақырым, ал бастапқы салмағы 52 тоннадан асады.
Айта кетейік, Франция Еуропалық одақтағы ядролық арсеналы бар жалғыз мемлекет.
