Categories Әлем

Ford 255 мыңнан астам Focus көлігін кері қайтарады

Сурет: AP

Америкалық Ford Motor Company компаниясы 2012–2018 жылдары шығарылған 255 404 дана Focus автокөлігін кері қайтару туралы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайта шақыруға көлік жүріп келе жатқанда қозғалтқыштың кенеттен өшуіне әкелетін ақау себеп болған. Бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Компания мәліметінше, мәселе адсорберді үрлеу клапанының ақауына байланысты.

Кері қайтару науқанына осыған ұқсас ақауға байланысты бұрын басқа сервистік бағдарлама аясында жөндеуден өткен автокөліктер де кірді. Ford өкілдерінің айтуынша, бұрын қабылданған шаралар тәуекелді толық жою үшін жеткіліксіз болған.

Мәселені шешу үшін дилерлік орталықтар трансмиссияның бағдарламалық жасақтамасын тегін жаңартады. Көлік иелеріне хабарламалар 6 шілдеден бастап жіберіледі. Осы күннен кейін олар көлігінің кері қайтару науқанына қатысы бар-жоғын VIN-код арқылы АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы сайтынан тексере алады.

Компания қосымша ақпарат алу үшін көлік иелері Ford-тың қолдау қызметіне жүгіне алатынын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

ДДҰ: Еуропада төрт жылда аптап ыстықтан 200 мыңнан астам адам қайтыс болды

Соңғы төрт жылда Еуропада аптап ыстықтан 200 мыңнан астам адам қайтыс болды. ДДҰ өңір елдерін…

Лондонда мыңдаған адам король III Чарльздің туған күніне арналған шеруге жиналды

Лондонда мыңдаған адам король III Чарльздің туған күніне арналған дәстүрлі Trooping the Colour әскери шеруін…

Иранмен келісім жексенбіде бекітіледі — Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісімге қол қою…