Әлем

Филиппинде екі әскери ұшақ соқтығысып, төрт ұшқыш қаза тапты

Сурет: 24tv.ua

Филиппинде әскери жаттығу барысында Әскери-әуе күштерінің екі SF-260 ұшағы соқтығысып, төрт ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Манила қаласының оңтүстігіндегі Фернандо авиабазасының аумағында болды. Төмен биіктікте ұшып жүрген екі ұшақ соқтығысқан соң жерге құлаған.

Қазір апат себептері анықталып жатыр. Тергеу аяқталғанша Филиппин Әскери-әуе күштері оқу-жаттығу ұшуларын уақытша тоқтатты.

Соңғы жылдары SF-260 үлгісіндегі ұшақтарға қатысты үшінші осындай оқиға тіркеліп отыр. Биыл мамыр айында осы үлгідегі ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапқан. Осыған ұқсас оқиға 2023 жылы да болған.

Айта кетейік, Нигерияның оңтүстік-батысындағы Ондо штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 32 адам көз жұмған еді.

Көп оқылғандар