Сурет: Egemen Qazaqstan
Эстония билігі әйелдер үшін әскерге міндетті түрде баруды енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта бұл елде тек ер адамдар ғана әскерге шақырылады. Алайда қорғаныс министрлігі жаңа заң жобасын әзірлеп, оны талқылауға ұсынды.
«Біз әйелдерді де әскерге шақыруды міндеттеу арқылы қорғаныс қабілетімізді арттырғымыз келеді. Бұл – ерікті негізде емес, заң жүзінде бекітілетін норма», – деді қорғаныс министрі.
Жоба әлі қоғамдық тыңдаудан өтпеген. Сарапшылардың пікірінше, егер заң қабылданса, әйелдер әскерге 18 жастан бастап шақырылады.

