Categories Жайық news

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 16 жыл бұрын әйел 2010 жылы ақшалай сыйақы үшін Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы бір келіден астам гашиш алып өткендігі үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

«Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты оған тағайындалған жазаны өтеу мерзімі баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Пробациялық бақылауда жүрген сотталған әйел 2017 жылы сот үкімін орындаудан жалтарып, іздеуге жарияланған», делінген хабарламада.

2026 жылдың наурыз айында әйел Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде ол елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалып, сот үкімі бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.

Ұқсас жазбалар

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…