Басты тақырып

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды

Сурет: ҰҚК

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды», делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің, сондай-ақ өзге де адамдардың ұсталғанын растаған болатын. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстың «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Президент аталған жайтқа қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, мәлімдеме жасады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Көп оқылғандар