Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық DIGA командасы «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінде PUBG: Battlegrounds пәнінен өткен матчтардың бірінде күтпеген жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шешуші кезеңде отандық ойыншылар құрамды толық сақтап, финалдық аймақты тиімді пайдаланды. Соңғы шайқаста олар Сауд Арабиясының Geekay командасын басым түсіп жеңді.
Бұл жетістік DIGA үшін де, еліміздің киберспорты үшін де турнирдегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.
Мазмұнға өту
