Сурет: Report
Ормуз бұғазында сұйытылған табиғи газ (СТГ) тасымалдап бара жатқан танкерге шабуыл жасалды. Соққы бұғаздың оңтүстік бағытымен жүзіп бара жатқан кемеге жасалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Бермуд аралдарының туы астында тіркелген Gazlug Shangal танкері Қатардың сұйытылған табиғи газын тасымалдаған. Кеме осы заңсыз бағытпен жүрген кезде позициясын анықтау жүйелерін өшірген», делінген хабарламада.
Танкерге шабуыл Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігінде, Оманның аумақтық суларында жасалғаны атап өтілді.
Еске салсақ, Ормуз бұғазының оңтүстік бағыты ресми түрде кеме қатынасы үшін ашық болғанымен, әскери қауіп-қатер мен теңіз миналарының болуына байланысты жоғары қауіп аймағы саналады. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) бұғаздың оңтүстік бағытындағы суларға миналар қойылғанын мәлімдеп, бұл бағытты пайдаланудың қауіпті екенін ескерткен.
Мазмұнға өту
