Басты тақырып

Канада жағалауында магнитудасы 5,5 жер сілкінісі болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Канаданың Ванкувер аралында бүгін Гринвич уақытымен сағат 04:49-да магнитудасы 5,5 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Виктория қаласынан батысқа қарай 390 шақырым жерде орналасқан. Бұл қалада 90 мыңға жуық адам тұрады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 49,62° солтүстік ендік пен 129,28° батыс бойлық координаттарында жатыр. Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі де жарияланған жоқ.

Көп оқылғандар