Спорт

Дастан Сәтпаев өнер көрсеткен матчта «Челси» «Тоттенхэмнен» ұтылды

Сурет: Sports.kz

Аустралияның Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында өткен жолдастық кездесуде «Тоттенхэм» «Челсиден» 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеңімпаздар сапында Сандро Тонали 18-минутта, Ришарлисон 90+2-минутта гол соқты. «Челсидің» жалғыз голын 21-минутта Эстевао Виллиан енгізді.

49-минутта «Тоттенхэм» қорғаушысы Кевин Дансо ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 70-минутта Эстеваоның орнына ойынға қосылды. Ол алдымен оң қанатта, кейін сол қанатта өнер көрсетті, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Еске салайық, Аустралиядағы маусымалды тур аясындағы алғашқы матчта «Челси» жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңген еді. Сол кездесуде Дастан Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын матчтың 6-минутында соққан болатын.

Қазақстандық футболшының «Челсидегі» болашағын оқу-жаттығу жиыны мен бақылау матчтарының қорытындысы бойынша бас бапкер Хаби Алонсо айқындайды.

Көп оқылғандар