Спорт

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны пенальтиде жеңді

Сурет: Sports.kz

Қазақстанның жағажай футболынан ұлттық құрамасы Еуролиганың үшінші матчында Бельгияны пенальти сериясында жеңіп, маңызды нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кишиневте (Молдова) өтіп жатқан Еуролиганың А дивизионы аясындағы кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Екінші кезеңде бельгиялықтар гол салғанымен, Шотанов таразы басын теңестірді. Ал үшінші кезеңде Бельгия құрамасы екі рет алға шықты. Алайда Дмитрий Демешко екі мәрте мергендік танытып, матчтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда есепті 3:3-ке жеткізді.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Қазақстан сапынан Деринг, Демешко және Ершин өз мүмкіндіктерін мүлт жібермесе, бельгиялықтар үш соққының екеуін голға айналдыра алмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің басты қаһарманы хет-трик авторы Дмитрий Демешко болды. Қазақстан құрамасының тағы бір голын Шотанов соқты.

Көп оқылғандар