Сурет: Egemen Qazaqstan
1 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 7 орман өрті тіркеліп, олардың барлығы дер кезінде сөндірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысында 3 өрт, Қостанай облысында 2 өрт, ал Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 1 өрт болған.
Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде анықталған. Оларды сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» күштері, сондай-ақ қажетті техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтары толық сөндірілді.
Мамандар табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мазмұнға өту
