Сурет: Egemen Qazaqstan
Аты аңызға айналған альпинист Нирмал Пурджа 43 жасында Пәкістандағы Қарақорым тауларында болған көшкін салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 30 шілдеде Броуд-Пик шыңында (биіктігі 8047 метр) қар көшкіні жүрді. Пурджа бастаған 10 альпинистен тұратын топ екінші және үшінші биіктік лагерлері арасында болған. 1 тамызда оның Elite Exped компаниясы мен Непал премьер-министрі апаттан аман қалғандардың жоқтығын ресми растады.
Бұл жолы Нирмал Пурджа әлем тарихында 14 сегізмыңдық шыңның барлығын екі мәрте бағындырған алғашқы адам атануды мақсат еткен еді.
Нирмал Пурджа 2019 жылы Project Possible жобасы аясында әлемдегі барлық 14 сегізмыңдық шыңға небәрі 6 ай 6 күнде көтеріліп, әлемдік рекорд орнатқан. Оның жетістігі туралы «14 шың: Ештеңе мүмкін емес» атты деректі фильм түсірілген. Сондай-ақ ол Эверест, Лхоцзе және Макалу шыңдарына 48 сағат ішінде көтеріліп рекорд жасаған.
Мазмұнға өту
