Сурет: Үкімет
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Ұлытау облысын кешенді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындау аясында кеңес өтті. Жиынға орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, ірі бизнес өкілдері және облыс әкімдігі қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кеңесте өңірдің тұрақты дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ Жезқазған қаласының бас жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды. Жезқазғанда Конгресс орталығы, университет, инклюзивті спорт орталығы және әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2026-2029 жылдарға арналған 58 бюджеттік инвестициялық жобаны қамтитын өңірлік жобалар пулы қаралды. Бұл жобалар инженерлік, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй құрылысына және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, жобаларды қаржыландыру мен жобалық құжаттаманы жедел дайындауды тапсырды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, ірі бизнес өкілдері мен облыс әкімдігіне инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Мазмұнға өту
