Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ туристік және іскерлік визаларды беру тәртібін қатаңдатады. Жаңа талаптар 50 елдің азаматтарына қатысты болады. Бұл елдердің басым бөлігі Африка құрлығында орналасқан. Қазақстан бұл тізімге кірмейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ Мемлекеттік департаменті туристік және іскерлік визаға өтініш берген кезде енгізілетін кепілдік жарнасын тұрақты талап ретінде бекітуді жоспарлап отыр. Бұған дейін пилоттық бағдарлама аясында оның мөлшері 5 мыңнан 15 мың долларға дейін болса, енді ең жоғары сома 20 мың долларға дейін ұлғайтылады.
Билік өкілдерінің мәліметінше, бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті нығайтып, визасының мерзімі аяқталғаннан кейін АҚШ-та қалып қоятын шетелдіктер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Ал құқық қорғаушылар жаңа талаптар АҚШ-қа барғысы келетіндердің санын айтарлықтай қысқартуы мүмкін екенін айтып отыр.
Мазмұнға өту
