Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның шалғай ауылдарында тұратындар үшін қашықтан медициналық көмекке қолжетімділік артып келеді. Қазіргі уақытта телемедицина жүйесіне 655 медициналық ұйым қосылған, бұл пациенттерге өз өңірінен шықпай-ақ бейінді мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазір телемедициналық қызметтердің үлесі 9 пайыздан асты. Бұл технологиялар ең көп Алматы қаласында, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарында қолданылуда.
Келесі кезеңде жүйені кеңейту жоспарланып отыр. Осы мақсатта еліміздегі 4 мыңнан астам медициналық ұйым заманауи жабдықпен қамтамасыз етіледі. Бұл шамамен 7,5 миллион ауыл тұрғынын телемедициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, телемедицина сервистерін 7 мыңға жуық мектепте пайдалану жоспарланған.
Мазмұнға өту
