Әлем

Ұлыбританияда құрғақшылық көкөніс бағасын күрт қымбаттатты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлыбританияда аптап ыстық пен ұзақ құрғақшылық салдарынан көкөніс өнімі азайып, бағасы күрт өсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті өнім тапшы болғандықтан, елдегі мейрамханалар, пабтар мен супермаркеттер салат жапырағы мен брокколиді Испания мен Нидерландтан импорттауға мәжбүр.

Қырыққабат тұқымдас дақылдар өндірушілерінің мәліметінше, құрғақшылық көкөністердің көлемін кішірейткен. Сондықтан стандартты қаптаманы толтыру үшін бұрынғыдан көбірек өнім қажет.

Нәтижесінде қызанақ бағасы 60 пайызға, айсберг салаты 90 пайызға, ал картоп құны 40 пайыздан астамға қымбаттаған.

Осыған байланысты Ұлыбританиядағы 100-ден астам компания үкіметтен азық-түлік жүйесін нығайтып, импортқа тәуелділікті азайтуды талап етті.

Көп оқылғандар