Сурет: Egemen Qazaqstan
Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңі аясындағы сербиялық «Партизан» мен Люксембургтың «УНА» клубы арасындағы кездесуге тағайындау алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның бас төрешісі болып Данияр Сахи бекітілді. Оған Юрий Тихонюк пен Самат Тергеусізов көмектеседі. Қосалқы төрешінің міндетін Георгий Чеховский атқарады.
Кездесу 23-інен 24 шілдеге қараған түні Белградта өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Мазмұнға өту
