Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада Қытайдың Цзянсу провинциясының Орталық Азиядағы орталығының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Орталықтың ашылуы «Қытай (Цзянсу провинциясы) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетіп, 49 миллиард АҚШ долларын құрады.
Жаңа орталық қытайлық компанияларға қызмет көрсететін хаб ретінде жұмыс істейді. Ол консультациялық қолдау көрсетіп, көрме қызметін дамытуға және электрондық коммерция саласындағы жобаларды іске асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, тараптар логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан өнімдерінің Қытайдың Jiangsu провинциясына экспорт көлемін арттыруға келісті.

