Қаржы

Brent мұнайының бағасы 96 доллардан асты

Сурет: istockphoto.com

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы өсіп, барреліне 96,23 долларға жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы бір айда Brent құны 30%-дан астам өссе, жыл басынан бергі өсімі 40%-ға жуықтаған. Сарапшылар мұны шикізат нарығындағы ең қарқынды өсу үрдістерінің бірі деп бағалап отыр.

Сонымен қатар уран бағасы да оң динамика көрсетіп отыр. Сауда барысында оның құны 0,18%-ға өсіп, фунтына 85,70 долларға жетті. Мамандардың айтуынша, уран бағасының өсімі мұнаймен салыстырғанда бірқалыпты болғанымен, жылдық көрсеткіш әлі де 20%-дан жоғары деңгейде сақталып отыр.

Бұған дейін халықаралық сарапшылар Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Brent маркалы мұнай бағасы жыл соңында 120 долларға дейін жетуі мүмкін екендігін хабарлаған еді.

Көп оқылғандар