Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми Telegram-арнасында мәлімделді. Анықталғандай, ауданның жер пайдаланушылары жер заңнамасының талаптарын бұзып, ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде кадастрлық құны 75 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 6 200 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жерлер заңды экономикалық айналымға тартылуда.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал субъектілерге беруге бағытталған.
Мазмұнға өту
