Жайық news

БҚО-да Шаған өзеніндегі көпірде жол қозғалысы уақытша шектеледі

Сурет: Жайық Пресс

«Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым бекеті)» автожолындағы көпірде жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми арнасының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпір KAZ10 халықаралық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 247-шақырымында орналасқан. Осы учаскеде 2026 жылғы 22 тамызда сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша шектеледі.

«Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жол сапарының бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Көп оқылғандар