Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында қауіпті өндіріс объектілеріне тұрақты мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалануға қатаң бақылау жасайды. Техникалық тексеру ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізіледі: конструкциялардың тұтастығы, дәнекерлеу тігістерінің сапасы және қорғаныс жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.
Ведомство өкілдері бұл жұмыстар аймақтағы техногендік тәуекелдердің алдын алуға және өндіріс объектілерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Мазмұнға өту
