Жайық news

БҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 422 млн теңге бөлінді

Сурет: caspianlife.kz

Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да кең ауқымда өтеді. Бұл шара аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға жаңа оқу жылында мектепке баруға мүмкіндік беруді көздейді.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Ғалиеваның айтуынша, биыл жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға 422 млн теңге қарастырылған.

Қазірдің өзінде өңірде 876 оқушының ата-анасының карт-шотына 45 млн теңге аударылған. Бір оқушыға 50 851 теңге көлемінде көмек көрсетілуде.

Акция тамыз айының басынан қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Осы екі ай ішінде қайырымдылық шарасына облыс тұрғындары, кәсіпкерлер, мекеме басшылары және үкіметтік емес ұйымдар қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көп оқылғандар