Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
26 шілде күні Батыс Қазақстан облысындағы Мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті болды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт ошақтарын жергілікті тұрғындар байқаған.
Батыс Қазақстан облысында тіркелген өрт ошақтары жергілікті тұрғындардың хабарламаларының арқасында дер кезінде анықталды. Осыдан кейін орман күзеті қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде аттанды, делінген хабарламада.
Қажетті күштер мен техника, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылып, өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мазмұнға өту
