Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми арнасының мәліметінше, жолдың 369-408 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайды.
Жоба аясында ресайклинг әдісімен негіз қабаты – 25 шақырым, ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі жабын қабаты – 25 шақырым, ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы жабын қабаты – 9 шақырым төселді.
Жұмыстарға 52 маман мен 45 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Мазмұнға өту
