Қоғам

 «Болашақ атомы»: Қазақстанның атом саласының даму перспективалары талқыланды

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті. Іс-шара Атом саласы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.

Конференцияда Қазақстанның атом саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ғылыми-технологиялық әлеует, кадр даярлау, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу және коммерцияландыру мәселелері талқыланды.

Жиынға Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, «Қазатомөнеркәсіп», «Ядролық технологиялар паркі» және «Қазақстандық атом электр станциялары» өкілдері қатысты.

Сарапшылар атом саласына қажетті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және саланың кадрлық әлеуетін қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Конференция барысында мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, кәсіпорындар мен жас мамандар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Көп оқылғандар