Сурет: Жайық Пресс
Бөрлі ауданы прокуратурасы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-23 шешімін талдау барысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қозғайтын бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз орталығы.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар жекелеген санаттағы азаматтарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне ақы төлеу бойынша жеңілдіктерді қарастырмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша нормативтік құқықтық актіге тиісті жеңілдіктерді көздейтін өзгерістер енгізілді.
Жеңілдік алушылар қатарына Ұлы Отан соғысының қатысушылары, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарынан зардап шеккен азаматтар, Арал өңіріндегі экологиялық апаттан зардап шеккендер, сондай-ақ экологиялық апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған азаматтар енгізілді.
Қабылданған шаралар 801 азаматтың құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Аудан прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау және заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Мазмұнға өту
