Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты I Форумы өтті

Бүгін “AMANAT” партиясының қолдауымен Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты I Форумы өтті.

Аталған маңызды алаң ауылдық аумақтарды дамыту, жергілікті басқару тиімділігін арттыру және тәжірибе алмасу бағытында мазмұнды пікірталастарға жол ашты.

Форум аясында қонақтар киіз үйлер мен көрмелерді тамашалап, өңірдегі үздік жобалармен танысты.

Пленарлық отырысқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауылдық округтердің дамуына қатысты басым бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар, үздік ауылдық округ әкімдері марапатталып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Форум барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Панельдік сессияларда ауылдарды дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен тиімді шешімдер кеңінен талқыланды.

— Облыстық мәслихат депутаттарымен бірге бұл форумға қатыса отырып, ауылдың әлеуетін арттыру – баршамызға ортақ міндет екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ауыл – елдің тірегі. Сондықтан ауылдардың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажет деп санаймын, — деді форумға қатысқан БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев француз энергетикалық алыбының басшысымен кездесті: атом станциясы талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев француздың EDF компаниясының басшысы Бернар Фонтананы қабылдап, атом электр станциясын салу мәселесін…

Алматыда жаңбыр басылмай тұр: коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Алматыда ауа райы күрт нашарлап, жаңбыр тоқтамай тұр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшіп, су жиналуының…

Президент ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасымен кездесті: негізгі мәселелер

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасымен кездесіп, ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.