Жайық news

Батыс Қазақстан облысы – республикалық спартакиаданың чемпионы!  

10–17 шілде күндері Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында дәстүрлі республикалық спартакиада өтті.

Еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласының командалары 10 спорт түрі бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы 208 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте көш басынан көрінді! Ақтөбе облысы 196 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, ақмолалық команда 190 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Бұл жеңіс – облыс спортшыларының, бапкерлері мен команда мүшелерінің қажырлы еңбегі мен бірлігінің жемісі.

Көп оқылғандар