Басты тақырып

Батыс басылымдары: Ши, Путин мен Ким «жаңа тәртіп» орнатпақ

Әлемдік медианың назары Қытай, Ресей және Солтүстік Корея көшбасшыларына ауып отыр. Үштік кездесуге қатысты халықаралық басылымдар түрлі сараптама жасады.

The New Statesman: «Путин, Ши және Ким жаңа әлемдік тәртіп орнатуды көздеп отыр. Бұл – барлық автократтарға жасалған үндеу», – деп бағалады.

The New York Times: «Парадқа Путиннің қатысуы Ресей мен Қытайдың тарихи мүдделерін үйлестіруге деген ұмтылыстың белгісі. Олар Екінші дүниежүзілік соғыстың символикасын өз халықтарына қандай құрбандықтарға бара алатынын көрсету үшін пайдаланып отыр», – деп жазды.

Bloomberg: «Шидің қасында Путин мен Кимнің, әрі Пезешкианның бейнесі – тұрақсыз мемлекеттердің уақытша бірлігі. Бұл коалиция АҚШ-тың үстемдік еткен әлеміне балама тәртіп орнатуға ұмтылып отыр», – деген тұжырым жасады.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *