Басты тақырып

Азамат Кескінбаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, бұл лауазымға Марат Ирменов тағайындалған болатын.

Көп оқылғандар