ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсаловтың Батыс Қазақстан облысының аудандарына жоспарлы жұмыс сапарлары жалғасуда. Кезекті жұмыс сапары Жәнібек ауданынан бастау алып, Жәнібек ауданы әкімдігі аппаратының үлкен залында ҚР Конституциясының жаңа редакциясының нормалары мен құндылықтарын, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жәнібек ауданының әкімі Т.Шиниязов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Департамент басшысы М.Байсалов мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған конституциялық жаңашылдықтардың маңызы, жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі ережелері, мемлекеттік қызметтің сервистік моделі, меритократия қағидаты, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тетіктері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Адал азамат» қағидатын ілгерілету, мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік қызметте ашықтық пен әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, заңнаманы практикалық қолдануға қатысты сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Мазмұнға өту
