Басты тақырып

Ауа райына байланысты жабылған тасжолдарда қозғалыс қайта ашылды

Сурет: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы 20 қарашада сағат 06:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыстың ашылғанын хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0–263 шақырым аралығы (Атамекен кенті – РФ шекарасы) және «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 191–390 шақырым аралығы (Мичурино кенті – РФ шекарасы) ашылды.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында да көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

«20 қараша сағат 07:00-де республикалық маңызы бар «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 0–13 шақырым аралығында (Петерфельд а. – Архангельское а.) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы білуге болады.

Бұған дейін Қазақстанда республикалық маңызы бар тағы үш автожол учаскесінде орташа жылдамдықты анықтау жүйесі іске қосылғаны хабарланған болатын. Бүгін Астанада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Көп оқылғандар