Сурет: istockphoto.com
Елімізде жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2025 жылғы 1 желтоқсанда пилоттық режимде іске қосылған бағдарлама бірнеше айдан кейін құқықтық және техникалық мәселелерге байланысты уақытша тоқтатылған.
«Салалық мемлекеттік органдардан бірқатар ескертулер келіп түсті. Атап айтқанда айыппұлдарды төлеуге кім жауапты болатыны, салықтық өндіріп алу мәселелері және цифрлық жүйелер мен деректер базасының толық интеграцияланбауына қатысты сұрақтар көтерілді», деді Ерсайын Нағаспаев.
Қазіргі уақытта бағдарламаны іске қосуға қажетті заңға тәуелді нормативтік акт мемлекеттік органдардың келісуінен өтіп жатыр. Құжат күшіне енгеннен кейін бағдарламаның іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарланады.
Мазмұнға өту
