Қаржы

Астанадағы «Болашақ ойындарына» 24 млрд теңге жұмсалады

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылы Астанада өтетін «Болашақ ойындарын» ұйымдастыруға 24 млрд теңге қарастырылған. Оның 10 млрд теңгесі бюджеттен бөлінсе, қалған 14 млрд теңгені демеушілер есебінен тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 2,5 мыңға жуық шетелдік қонақ қатысады. Турнир сегіз дисциплина бойынша өтіп, төрт спорт алаңында ұйымдастырылады.

Баспасөз мәслихатында журналистер спортшылардың тұруы мен тамақтану шығындарының ұйымдастырушылар есебінен өтелетінін сұрады. Ұйымдастырушылар мұндай тәжірибе бұған дейін Қазан мен Әбу-Дабиде өткен турнирлерде де қолданылғанын және халықаралық талаптарға сай келетінін айтты.

Сондай-ақ шақырылған спортшылардың тұруы мен тамақтануына кететін шығындар жоба бюджеті есебінен емес, демеушілердің қаржысы арқылы жабылатыны нақтыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Болашақ ойындарының» басты мақсаты – Қазақстанда киберспортты, цифрлық спортты және инновациялық спорт бағыттарын дамыту.

Көп оқылғандар