Қоғам

Астанада жасөспірім аялдама әйнегін сындырып, жауапкершілікке тартылды

Сурет: видеодан скрин

Астанада Бөгенбай батыр даңғылындағы автобус аялдамасының әйнегін жасөспірім сындырып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол ұзақ уақыт өтпей ұсталып, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке қойылды.

Оның мінез-құлқы мен жасаған құқық бұзушылығы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда жеке қаралып, тиісті профилактикалық шаралар қабылданады.

Жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аялдамаға келтірілген залал кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінен толық көлемде өндіріп алынады.

Кеше Астанада Журналистер аллеясында екі жасөспірім скульптуралық композицияға зақым келтіріп, қоса маңайдағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген еді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар екі адамды анықтап, ұстады.

Көп оқылғандар