Сурет: ашық дереккөз
Астанадағы №119 жайлы мектепте «Ұлт рухы, ұрпақ үні: кітап және ұлттық құндылық» атты кездесу өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға 8-10 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Қонақ ретінде қонаевтанушы, жазушы, зерттеуші Ораз Қауғабай шақырылып, ол кітап оқудың кемелдікке жетелейтінін айтты.
Кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы естеліктер мен тың деректер айтылып, оның адамдық болмысы және елге сіңірген еңбегі жөнінде әңгіме өрбіді.
Оқушылар белсенді қатысып, қонаққа сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Еркін форматтағы дидарласу олардың тарихқа, кітап оқуға және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
Кездесуде тарихты тану, тағылымды тұлғаларды үлгі ету және кітап арқылы рухани құндылықтарды дәріптеуге баса назар аударылды.
Еске салайық, Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» қатысушыларына үндеу жолдады.
