Сурет: Polisia.kz
Астана полициясы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын сақтау үшін профилактикалық шараларды үнемі өткізіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары түнгі уақыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға баса мән береді. Олар заң бұзғандарды анықтап қана қоймай, азаматтарға заң талаптары мен жауапкершілік туралы түсіндіреді.
Алайда кейбір тұрғындар әлі де тыныштықты бұзуда. Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзудың 32 мыңға жуық дерегі тіркелген. Оның 123-і мотоциклдерден шыққан қатты шуға байланысты.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің қала көшелерінде қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзғаны анықталды.
Құқық бұзушылардың жеке бастары анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олармен жол ережесін сақтау және тұрғындарға құрметпен қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Мазмұнға өту
