Қоғам

Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: gov.kz

Елордада 7 қазаннан бастап Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

CTS мәліметінше, шектеу Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде және Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде ішінара енгізіледі.

Жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау қажет.

Көп оқылғандар