Қоғам

Астанада сегіз жолақты жаңа көпір салынбақ

Сурет: Астана әкімдігі

Астанада Есіл өзені арқылы өтетін сегіз жолақты жаңа көпір салынады. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz.

Жаңа көпір «Арыс» көпіріне, Мәңгілік Ел даңғылына және басқа да бірнеше көшеге түсетін жүктемені азайтады. Магистраль Есілдің екі жағалауын жалғап, көлік ағынын ішінара қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Елордалық әкімдік бұл жол қаланың бірнеше ірі магистраліндегі жүктемені төмендетеді деп жоспарлап отыр. Хусейн бен Талал көшесінің жалғасы жалпы қалалық маңызы бар магистральдық көше ретінде қарастырылып, сегіз жолақты болады.

Қазіргі уақытта инвестор Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобасын әзірлеуде. Нысанның құны әзірге белгісіз, ол жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін анықталады.

Жобаны бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл жағдайда құрылыс мердігері мемлекеттік сатып алу рәсімі арқылы таңдалады.

Көпір құрылысының нақты мерзімі әзірге жарияланған жоқ. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жұмыстардың аяқталу мерзімі қаржыландыру көлемі мен оның уақытылы бөлінуіне байланысты болады.

Көп оқылғандар