Сурет: Pixabay
Елордалық құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сарыарқа ауданындағы «Жасыл тоғай» аумағында, сарқырама маңында 1982 жылы туған ер адам қамыс арасына кіріп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел шықты. Өзеннен өтіп, құтқарушылар ер адамға жетіп, оны қамыс арасынан алып шығып, бірге өзеннің арғы бетіне жеткізді, — делінген хабарламада.
Құтқарылған ер адам медициналық көмекке мұқтаж болмады. ТЖМ табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, жүруге қиын жерлерден аулақ болуға және төтенше жағдай туындағанда «112» нөміріне хабарласуға шақырды.
Мазмұнға өту
