Басты тақырып

Астанада «Мөлдір бұлақ» акциясы: 100-ден астам адам бұлақты қоқыстан тазартты

Астанада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. 100-ден астам адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты.

Акция «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған болатын.

«Біз табиғатты аялауымыз керек. Әрбір адам өз үлесін қосса, нәтиже көрінеді», – деді акцияға қатысушылардың бірі.

Шара барысында бұлақ жағалауы мен маңайы қоқыстан тазартылды. Қатысушылар пластик, шыны және басқа да қалдықтарды жинады.

Мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасады. Экологиялық тазалықты сақтау – әркімнің парызы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көп оқылғандар