Categories Шартарап

Астанада Леонардо да Винчидің сирек кездесетін өнертабыстары көрсетілді

Халықаралық музей күніне орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің данышпаны Леонардо да Винчиге арналған бірегей көрме ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 80-нен астам экспонат қойылған. Олардың арасында Леонардоның суреттері, ғылыми жазбалары және қолдан жасалған механизмдерінің үлгілері бар.

«Бұл көрме – ұлы ойшылдың өмірі мен еңбегіне терең үңілуге мүмкіндік. Леонардо тек суретші ғана емес, ол инженер, анатом және өнертапқыш болды», – деді көрмені ұйымдастырушылардың бірі.

Экспозицияда ұшқыш аппараттардың, су тасқынына қарсы құрылғылардың және әскери техникалардың прототиптері ерекше назар аудартады. Барлық механизмдер Леонардоның сызбалары бойынша қайта жасалған.

Көрме бір айға созылады. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар ғылым мен өнерге деген қызығушылықты арттырады деп сенеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы IESF World Esports Championship 2027 киберспорттық әлем чемпионатын қабылдайды.

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден…

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…