Жайық news

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өртке су себетін түтік құбыр ұрланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

30 жастағы ер адам бірнеше күн бойы Б.Момышұлы даңғылындағы үйдің кіреберісінен өрт сөндіру жеңдерін жасырын алып шыққан. Барлығы 28 жеңі ұрланған, оның 10-ын сатып үлгерген. Келтірілген шығын шамамен 360 мың теңге.

Күдікті кінәсін мойындады. Қазір оның елордадағы осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Көп оқылғандар