Categories Жайық news

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, олар екі апта бойы кәсіпкерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен. Бастапқыда сұралған сома уақыт өте келе ұлғайып, ақыры 80 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілер кәсіпкерді талабын орындамаған жағдайда компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялаймыз деп қорқытқан.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде бопсалаушылар ақша алу кезінде ұсталды.

Тергеу барысында ұсталғандардың бірінің адвокат екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас жазбалар

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…