Сурет: Мемлекеттік күзет қызметі
5-6 қазан күндері Астананың кейбір көше учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шаралар елордада өтетін ауқымды халықаралық саяси іс-шараларға байланысты қабылданып отыр. Қала көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының жүруіне уақытша тыйым салынады.
«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігінің үш лауазымды тұлғасы қызметінен босатылғаны белгілі болды.
