Сурет: Egemen Qazaqstan
Бес күннен кейін Астана Еуразиялық экономикалық интеграция, цифрландыру және технологиялық даму мәселелерін талқылаудың басты алаңына айналады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Форум аясында сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері өңірлік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын, цифрлық трансформацияны және инновациялық жобаларды талқылайды.
Біздің мақсатымыз – Еуразия кеңістігіндегі экономикалық байланыстарды нығайту және ортақ технологиялық шешімдерді енгізу, – деді ұйымдастырушылар.
Форумға ЕАЭО-ға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің делегациялары қатысады. Күн тәртібінде – сауда, логистика және цифрлық экономика саласындағы өзекті мәселелер.

