Сурет: ашық дереккөз
Астананың Сарыарқа ауданында, Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір маңында 20 жастағы қыз Есіл өзеніне секірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жүзу құралдарымен қызға жетіп, оны судан шығарып, жағаға алып келді. Қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
«ТЖМ азаматтарды өз өмірі мен денсаулығын сақтауға, қауіп-қатерге бармауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөмірін құлағдар етіңіз», делінген хабарламада.
Бұған дейін сәуір айында Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген жасөспірім қыз құтқарылған болатын.
Ал мамыр айында Қостанай облысының Лисаковск қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды. Болжам бойынша, ол жүзіп білмесе де, достарымен бәстесіп суға секірген.
Сондай-ақ Қостанай облысында бассейнге батып кете жаздаған 5 жасар баланы дәрігерлер клиникалық өлім жағдайында аман алып қалғанын айта кетейік.
Мазмұнға өту
